«Объективтегі қала»
Тұңғыш Президент Музейінің «Қала келбетінің қырлары» арт-деректі жобасы
Астана күні қарсаңында Тұңғыш Президент Музейі көрме және көркем-сахналық бағдарламаны тоғыстырған «Қала келбетінің қырлары» арт-деректі жобасын ұсынады.
Жоба аясында фотожурналист Шүкір Шахайдың «Объективтегі қала» фотокөрмесінің тұсаукесері өтеді. Экспозиция бас қаланың қалыптасу кезеңдерін бейнелейтін визуалды шежірені ұсынады. Фотосуреттерде Астана дамуының негізгі кезеңдері, мемлекеттік оқиғалар, сәулеттік келбетінің өзгеруі және қала тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігі көрініс тапқан.
Іс-шара Музейдің «Дәуір жасампаздары / Замандастар» тарихи-мемориалды жобасы аясында өткізіледі. Жоба маңызды тарихи тұлғалар, оқиғалар мен үдерістерді зерделеу арқылы заманауи тарихты жаңа қырынан пайымдауға бағытталған.
Museum of the First President — art documentary project «Touches to the City Portrait»
The exposition presents documentary touches to the capital’s portrait, coming together as a visual history of its evolution. The photographs reflect the key stages of the city growth, state events, the transformation of the architectural environment and the daily life of the capital’s residents.
Shakhay’s photos reveal Astana as a political, cultural, and human phenomenon – a city with a history including great events and private moments.
Арт-документальный проект Музея Первого Президента «Штрихи к портрету города»
В преддверии Дня столицы Музей Первого Президента представляет арт-документальный проект «Штрихи к портрету города», объединяющий выставочную и художественно-сценическую программы.
В рамках проекта состоится презентация фотовыставки Шүкіра Шахая «Город в объективе». Экспозиция представляет документальные штрихи к портрету столицы, складывающиеся в визуальную летопись ее становления. В фотографиях отражены ключевые этапы развития города, государственные события, трансформация архитектурной среды и повседневная жизнь его жителей.
Мероприятие проводится в рамках историко-мемориального проекта Музея «Творцы эпохи / Современники», который направлен на переосмысление современной истории через изучение значимых исторических личностей, событий и процессов.